ТАбиғатпен АЙТЫС

Бұл сайтта тентектеу бір таныттым ба ой?
Өлеңмен, өртеніппін жаныппын ғой.
Табиғатпен айтысар шағымда мен,
«Керекке» керек бола қалыппын ғой.

Табиғат ежелден ақ бұзық екен,
Дейді ме қамалыңды бұзып өтем.
Ол бала псих болып ауырады,
Жындымен айтысу да қызық екен.

Табекең арманынан ай жасаған,
Өтірік ұйқастарға тоймас адам.
«Анарымды» әріге апарасың,
Анардай өлең жазу қайда саған.

Білінер ауық-ауық наз үніңде,
Жеңіп кетсем өзіңді жазығым не?
Олжастай ағаңа енді жауап қатшы,
Түсе алмай кеткен НАДАН казГУ ге.
Әрі қарай